Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Арман Қырықбаев жаңа лауазымға тағайындалды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды,деп хабарлайды qonaev.info.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласының ауданы әкімінің орынбасары, жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры, Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Соңғы атқарған қызметі – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Сізге қызықты болады