Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Абай облысының Мақаншы ауданындағы қазіргі жағдай

Азамат Ахметов
Фото: ҚР ТЖМ

Қазіргі уақытта Мақаншы ауданының Бақты ауылында жергілікті атқарушы органдардың күшімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр деп, хабарлайды qonaev.info.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 300-ден астам қаптар төселді, бөгет жағалауы бойымен 400 тоннаға жуық көлемде инертті материалмен үйінді жүргізілді.

Су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда мониторинг және жедел әрекет ету үшін Абай облысының ТЖД жеке құрамның 12 адамы, 7 бірлік техника (жүзу құралдары мен мотопомпалар) күштер мен құралдар орналасқан.

" Оқиға орнында ЖАО-дан 40-тан астам адам, жергілікті халықтан 70-ке жуық адам және 18 бірлік техника жұмыс атқарып жатыр. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады ҚР ТЖМ. 

Айта кетейік, Мақаншы ауылынан 11 шақырым жерде, облыстық маңызы бар «Мақаншы-Жалаңашкөл» автожолында қардың қарқынды еруіне байланысты жолды су басқан еді.

Сізге қызықты болады