Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таяу күндері Әзербайжанға сапармен барады, деп хабарлайды Qonaev.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«11-12 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады» делінген хабарламада.
Сапар барысында мемлекет басшысы президент Ильхам Әлиевпен келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысады деп күтіліп отыр.