Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады, деп хабарлайды qonaev.info.
«13 наурызда түнде Алматы қаласында, сондай ақ таулы аймақтарда қатты жаңбыр, қар жауатыны туралы хабарлайды. Таулы аймақтарда солтүстік-батыс жақтан жел соғып, жел екпіні секундына 15-22 м дейін жетеді»,-деп хабарлайды қалалық ТЖД.
Қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.
Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.
Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына қалдырмаңыз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.
Рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.