Алматыда ТЖД таулы аймаққа бармауды ескертеді

Азамат Ахметов
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады, деп хабарлайды qonaev.info.

«13 наурызда түнде Алматы қаласында, сондай ақ таулы аймақтарда қатты жаңбыр, қар жауатыны туралы хабарлайды. Таулы аймақтарда солтүстік-батыс жақтан жел соғып, жел екпіні секундына 15-22 м  дейін жетеді»,-деп хабарлайды қалалық ТЖД.

Қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.

Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.

Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына қалдырмаңыз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.

Рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.