Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Тараз әкімдігі мердігерге заңсыз 75 млн теңге аударған

Азамат Ахметов
Фото: gov.kz

Жамбыл облысында прокурорлар жасалмаған жұмыс үшін бюджеттен қаражаттың төлену дерегін анықтады, деп хабарлайды Qonaev.info

Тараз қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуы заңдылығына жүргізген тексерудің нәтижелерімен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені негізсіз мердігерге аударғанын анықтады.

«Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) қылмыстық іс тіркеді.Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды»,- делінген Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізілуде, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.

Сізге қызықты болады