Алматыда жас баланы оңдырмай ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qonaev.info.
Сондай-ақ, видеоны түсіріп тұрған екінші адам да қазір қамауда отыр. Кешелі бері әлеуметтік желіге таралып кеткен бұл видеода жас баланы ересек адамның тепкілеп жатқанын анық көруге болады. Ал екіншісі видеоға түсіріп тұрып, «беттен ұрма» деп басу айтқан сыңай танытады. Жас балаға жәбір көрсеткендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
«Күш қолдану арқылы озбырлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сонымен қатар, видеоны түсірген екінші қатысушы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар деген айыппен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деп мәлімдеді қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Шарибаев.