ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми мәліметінше Астана су қоймасы 99%-ға толды, деп хабарлайды Qonaev.info.
Қазір мамандар жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Министрліктің мәліметнші, келген суды транзиттік режимде өткізу жұмысы жалғасуда. Су тасқынының белсенді кезеңі өтті, су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалады.
«Мұнда тәулік бойы мониторинг жасалады. Есіл өзенінің қалалық арнасы арқылы тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмысы жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.