Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Джо Байден іссапармен Киевке келді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Джо Байден Украинаға келді. Бұл оның Украина мен Ресей арасындағы соғыс басталғалы бергі бұл елге жасап отырған алғашқы сапары, деп хабарлайды qonaev.info Euronews-ке сілтеме жасап.

АҚШ президентінің сапары көпшілік үшін күтпеген жаңалық болды. Өйткені Джо Байден іссапармен Польшаға келген болатын және Ақ үй өткен аптада оның Украина шекарасын кесіп өту ниеті жоқ екенін мәлімдеген еді.

Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үй басшысымен бірге түскен суретін жариялады.

«Джозеф Байден, Киевке қош келдіңіз! Барша украиндықтарға қолдау көрсетудің белгісі ретінде сіздің сапарыңыздың маңызы өте зор», - деп жазды Владимир Зеленский.

Джо Байден – Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Киевке барған ең ықпалды ел басшыларының бірі. Бұған дейін Украинаға Риши Сунак, Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Олаф Шольц келген болатын.
 

Сізге қызықты болады