Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Тағы да жойқын жер сілкінісі: Түркияда 6,4 балл болатын зілзала тіркелді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Сириямен шекарадағы Түркияның Хатай провинциясында жаңа күшті жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы 6,4 балды құрайды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Qonaev.info Anadolu сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, жер сілкінісінің ошағы екі шақырым тереңдікте жатқан.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Антакия қаласындағы жаңа дүмпулердің салдарынан тұрғын үйлер қираған, бірақ олардың саны көрсетілмеген.

Жер асты дүмпулері Хатаймен көршілес провинцияларда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді.

Сізге қызықты болады