Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Қожа сейсенбіде Хатай провинциясында кеше түнде болған екі жер сілкінісінен 294 адам зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлайды qonaev.info агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Бізде бүгін кешке Хатайда болған екі жер сілкінісінен 294 адам жарақат алды. Олардың 18-інің жағдайы, өкінішке қарай, ауыр», - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Дүйсенбіде Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы елдің оңтүстік-шығысында 17 минуттық айырмашылықпен болған 6,4 және 5,8 баллдық екі жер сілкінісі туралы хабарлады. Жерасты дүмпулері Египетте, Израильде, Кипрде, Ливанда және Сирияда сезілді.
Бұған дейін Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу зілзаладан үш адамның қаза тапқанын және 213 адамның зардап шеккенін деп мәлімдеген еді.