Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Италияда мигранттар мінген қайық суға батып, 59 адам опат болды

Азамат Ахметов

Италияның оңтүстігіндегі теңізде мигранттар мінген қайық суға батып, кем дегенде 59 адам қаза тапты. Мерт болғандар арасында жасқа толмаған сәби де бар, деп хабарлайды Qonaev.info агенттігі ВВС-ге сілтеме жасай отырып.

Италия билігі қазір қайық батқан мекенде өте ірі іздеу операциясын бастаған. Шұғыл құтқару операциясы кезінде 80 адам құтқарылған, теңізден 59 адамның мәйіті табылған.

Жергілікті биліктің мәліметіне сүйенсек, Иран, Ауғанстан, Сомали мен Пәкістаннан шыққан жүзге тарта босқын бір қайыққа мініп, Италия жағалауына тоқтамақ болған. Алайда теңізде дауыл басталып, қайық жағаға жақындай бергенде суға батып кеткен.

Әуел баста Италияның ANSA ақпарат агенттігі жағалауда 27 адамнаң мәйіті табылғанын хабарлаған еді. Кейін телеграм-арналар қаза тапқандардың саны әлдеқайда көп екенін жариялай бастады.

Италияның премьер-министрі Джорджия Мелони бұл оқиғаны естігенде қатты қайғырғанын және мұндай апаттарға адам саудасымен айналысатын тараптар кінәлі екенін мәлімдеген.

Теги:
Сізге қызықты болады