Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

«Мен өліп барамын»: Түркияда жер сілкінісінен қаза болған егіздер жайлы

Азамат Ахметов

Фермер Фикрет Өмердің 17 жастағы егіз ұлы 7.7 балдық жер сілкінісі кезінде үш қабатты үйіндінің астында қалып, қаза тапты. Егіздердің ата-анасы сол күні болған оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz Show Ana Haber-ге сілтеме жасап.

«Жер сілкінісі қанша секундқа созылғанын білмеймін. 5 секундтан соң үйінді астында қалдық. Жер сілкінісі тоқтаған соң, жан-жағымды түгендей бастадым. Кімнің аман қалғанын білгім келді. Әлижан дедім, жауап болмады. Емрежан дедім, «Әке, мен мұндамын, бірақ ауа жетпей жатыр» деді ол. Әйелім Әлижанның қайтыс болғанын білген соң жылай бастады. «Сабыр ет, Әлижан өлді, тым болмаса, Емрежанның көңілін түсіретін сөз айтпа» дедім. Емрежан да ұзаққа шыдамады. «Әке, ана, ақыңызды адал етіңіз. Мен өліп барамын» деді. Біз ақымызды адал еттік. Артынан ұлым кәлима шәһадатты айтты. Екеуі де бааламада (түрік аспабы) ойнайтын еді. Екеуі де ұшқыш болғысы келетін. Қалай бұл дүниеге бірге келсе, солай бірге өмірден озды», – деді егіздердің ата-анасы.

Айта кетейік, мәліметтер бойынша Түркияның Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адьяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элазыг қалаларында болған жер сілкінісінің салдарынан барлығы 44 374 адам қаза тапты.

Сізге қызықты болады