Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Судандағы қақтығыстар кезінде БҰҰ-ның үш қызметкері қайтыс болды

Азамат Ахметов
Фото: © AFP

Суданда 15 сәуірде басталған қақтығыстар шиелене түсті. Шығыс Африкадағы бұл елдің бірнеше қаласында ондаған бейбіт тұрғын мерт болды, деп хабарлайды Qonaev.info әлемдік басылымдарға сілтеме жасай отырып.

Қаза тапқандар арасында Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасының үш қызметкері бар екені анықталды. Бұл туралы Бағдарламаның директоры Синди Маккейн мәлімдеп, қарулы қақтығыс бастаған тараптарды келісімге шақырды.

Ол сондай-ақ қақтығыстар тоқтаса Бағдарламаның өзге қызметкерлері Судандағы мұқтаж халыққа гуманитарлық көмек жеткізетінін айтқан.

Белгілі болғандай, Судандағы қақтығыстарда қаза тапқандар саны алпыс адамға жуықтап, тағы 595 адам зардап шеккен болатын.  Елдегі армия мен жедел әрекет ету күштері ел астанасын басқару үшін шайқасып жатыр.

Сізге қызықты болады