Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

«Журналиске сексуалдық қысым көрсеткен»: Дональд Трамп әйелді зорлау ісі бойынша айыпты деп танылды

Азамат Ахметов

Қазылар алқасы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты журналист және жазушы Джин Кэрролды зорлағаны үшін кінәлі деп тапты.

CNN хабарлауынша, қазылар алқасы 1996 жылдың көктемінде Кэррол саясаткер тарапынан зорлыққа ұшыраған деп тапты.

Сот Трампты азаматтық сот ісін реттеу аясында әйелге қысым жасағаны үшін 2 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар саясаткер Кэрролға жала жапқаны және оның беделіне нұқсан келтіргені үшін тағы 3 миллион доллар аударуы тиіс.

Трамптың өзі журналист Джейн Кэрролды зорлады деген айыптауды жоққа шығарды.  

Айта кетсек, бұған дейін тағы бір әйел – 81 жастағы кәсіпкер Джессика Лидс Трамп тарапынан зорлық көргенін айтқаны болатын.

Сондай-ақ 2016 жылы 11 әйел Трампты жыныстық қудалау жасады деп айыптады. Саясаткер сол кезде бұл айыптарды президенттік сайлаудағы қарсыласы, Демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтонның мүддесі үшін қолдан жасалған деп атады.

Сізге қызықты болады