Ресейдің Украинаға жариялаған соғысында РФ тарапынан ондаған мың сарбаздың қаза тапқаны айтылғанымен, олардың нақты саны әзірге белгісіз. Әр дереккөзде әрқалай көрсетілген. Дегенмен, көз жұмған ресейліктердің сапында этникалық қазақтар өте көп дейді бурят журналисті Евгения Балтатарова.
Orda.kz тілшісіне сұхбат берген журналист қазір Қазақстанға қоныс аударған. Путиннің режимін сынағаны үшін Ресейде оны қудалауға алыпты. Соңғы бір жарым жылын біздің елде өткізіп жатқан әйел көпші елдегі нақты жағдайды, РФ құрамындағы өзге ұлттарға деген көзқарас туралы айтып берген.