Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ирандық танымал актриса хиджаб кимегені үшін 2 жылға сотталды

Азамат Ахметов

Иранда 61 жастағы танымал актриса Афсане Байеган 2 жыл түрме жазасына кесілді. Бұл жазасын ол 5 жылдан кейін өтейді деп хабарлайды The Insider.

Актрисаның сотты болуына оның хиджабсыз көпшілік алдына шығуы себеп болған. Әйел адам әдеттегідей тұмшаланудың орнына басына шляпа киіп, өзінің фотосуретін әлеуметтік желіге жүктепті.

Түрме жазасынан бөлек сот Афсанеге 2 жыл бойы интернет пайдалануға тыйым салды. Сондай-ақ, актриса Ираннан кетпеуі керек, психологтың қабылдауында жиі болып, екі ай Құран жаттауы тиіс.

Афсане Байеган былтыр Иранда хиджабқа қарсы болған көтерілісті қолдаған.

Сізге қызықты болады