Украинаның дрондары Мәскеуге шабуыл жасады

Азамат Ахметов

Мәскеуде бүгін таңертең бірнеше жарылыс болды деп жазады жергілікті Telegram-каналдар. Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қаланы украиналық дрондар шабуылдаған.

«24 шілдеде таңертең Мәскеудің тұрғын үй емес ғимаратына киевтік режимнің шабуылы тіркелді. Екі дрон террористік акт жасамақ болды. Бірақ, бұл әрекетінен түк шыққан жоқ», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Десе де, дрондар құлаған ғимарат айтарлықтай зақымданған. Тұрғындар кемі үш жарылыстың болғанын хабарлады.