Ресейден Беларусь Республикасына көшіп барған «Вагнер» жеке әскери жасағы Польшамен шекараға жақындап келеді. Бұл туралы Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий мәлімдеді.
Оның сөзінше, жасақтың 100-ден астам сарбазы Белрась елінің Гродно қаласына жақын орналасқан Сувалки дәлізіне қарай беттеп келеді.
Олар шекарашының киімін киіп, беларусь мигранттарын шекарадан заңсыз өткізіп жіберуі мүмкін дейді Польша премьері. Тіпті, вагнерліктер мигрант кейпіне кіріп, поляк шекарасын өздері де кесіп өтуі ықтимал. Осылайша олар елде түрлі алауыздықтар тудыруы мүмкін.
Айта кетейік, «Вагнер» негізін қалаушы Евгений Пригожин осы айдың басында әскерін Мәскеуге қарай алып барып, Владимир Путинді тығырыққа әбден тіреген болатын. Вагнерліктер ел астанасна жақындағанда Путиннің жеке ұшағы Мәскеуден ұшып кеткен. Сарапшылар оның қашып кеткенін айтқанымен, ресми мәлімдемені ешкім берген жоқ.