Ресей астанасындағы Moscow-city кешеніне дрондар шабуыл жасады деп хабарлайды жергілікті БАҚ-тар. Ұшу аппараттарының бірі министрліктер орналасқан ғимаратқа соғылып жарылған.
Жарылыс 50 қабатты «IQ-квартал» ғимаратының 5-6 қабаттарында болды. Оның толқыны төменгі қабаттарға да әсер еткен. Ғимараттағы адамдардың бәрі эвакуацияланды.
Ресейлік БАҚ-тардың жазуынша, бұл нысанда үш министрлік: Экономикалық даму, Сауда, Байланыс министрліктері орналасқан.
Айта кетейік, соңғы уақытта Ресей астанасына дрондардың шабуылы жиілеген. Ұшу аппараттары тіпті Кремльдің шатырына дейін жетіп жарылған болатын.