Пәкстанның Ауғанстанмен шекарасындағы Хар қаласында теракт болып, салдарынан 40 адам қаза тапты деп хабарлайды DAWN басылымы. Жарылыс болған палаткада сол сәтте 400 адам болған.
«Біздің ауруханада 39 мәйіттің барын растай аламын. 123 адам жарақаттанған, олардың 17-нің халі ауыр», – деді Хайвер-Пахтунхва провинциясының денсаулық сақтау министрі Риаз Анвар.
Ал, Баджаур округі денсаулық сақтау саласының өкілі Файсал Камаль 150-ден астам адамның жарақаттанғанын, халі ауыр науқастардың Пешавардағы ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.
Жарылыс JUI-F съезінде болған. Елдің премьер-министрі Шехбаз Шариф лаңкестердің әрекетін қатаң сынға алды. Оның пікірінше, теракт жасағандар ислам дінін, Құран мен Пәкстанды қорғағандарды өлтіруге оқталған.
Әзірге ешбір террористік ұйым жауапкершілікті өзіне алмады.