«Көршілерін көмекке шақырған»: күйеуінен қорлық көрген өзбек әйел аулада асылып өлді

Азамат Ахметов
Азаттық

Өзбекстанда отбасылық зорлық-зомбылық саны артып барады. Күйеуінен зәбір көрген әйелдер жиі суицидке баратын болған. Жуырда осындай қайғылы оқиғалардың бірі Ферғана облысында тіркелді. Жаңа түскен келін күйеуінің төмпештеуіне шыдамай, аулада асылып қалған деп жазады Podrobno.uz.

20 жастағы Зулайхо Тоштемирова Яйпан қаласында тұратын 30 жастағы ер адамға күйеуге шыққан. Үйлену рәсімінен кейін көп ұзамай ол туыстарына хабарласып, өзін алып кетуін жалынып сұрапты. Айтуынша, күйеуі күн сайын жұдырық алып жүгіреді екен. Ешкімнен көмек болғаннан кейін жас келін асылып қалған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, мәйітте зорлықтың белгілері болған. Сот-медициналық сараптама бір аптадан кейін дайын болса да, мамандар келіншектің денесін туыстарына жерлеу үшін беріпті.

Белгілі болғандай, оқиға болатын күні Зулайхоны күйеуі соққыға жығып, үйге жалғыз өзін қамап кеткен. Марқұм алдымен көршілерді көмекке шақырыпты. Ешкім келмеген соң аулаға шығып, мойнына жіп салған.