«Вагнер» әскери жасағының басшысы Евгени Пригожиннің апатқа ұшыраған ұшағында болған жалғыз әйел – Қазақстанның тумасы Кристина Распопова. Бұл туралы 74.RU ақпарат агенттігі мәлімдеді.
Еске салайық, 23 тамызда Пригожин мен «Вагнердің» өзге де командирлері мінген жекеменшік ұшақ Мәскеуден Санкт-Петербург қаласына шығып, әуеде апатқа ұшыраған болатын. Бортта болған 10 адамның бәрі қайтыс болды.
Кристина – Челябі облысы Еманжелинск қаласы прокурорының орынбасары Евгений Распоповтың туған әпкесі. Екеуі де Қазақстанда туған. Ертеректе отбасымен бірге тарихи отанына көшіп кеткен. Кристинаның «Вагнер» әскери жасағына қатысы жоқ, ол әуе компаниясында стюардесса болып жұмыс істеген.