Су тасқынынан қайтыс болғандар саны 11 мыңнан асты
Ливияда су тасқынынан туындаған судың ластануы салдарынан кем дегенде 150 бала уланып қалған деп мәлімдеді елдің Қоршаған ортаны қорғау сақтау министрлігі.
Al Jazeera хабарлағандай, су деңгейі көтерілгеннен кейін Дерна қаласындағы құдықтар ластанған. Билік зардап шеккен аудандардың тұрғындарын құдықтағы суды ішпеуге шақырып отыр.
«Дернадағы апат бұл аймақта бұрын-соңды болмаған және ахуалды реттеуге біздің мүмкіндігіміз жоқ. Біз әлем елдерін жедел түрде көмек көрсетуге шақырамыз», - деген министр күш-жігерді ауыз су мен көлікке қатысты мәселелерді шешуге жұмылдыру керек екенін мәлімдеді.
Денсаулық сақтау органдары Дернада аурудың таралуын болдырмас үшін дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ливиядағы табиғи апаттан мерт болғандар саны 20 мыңнан асуы мүмкін.