Тағы 20 адам жарақат алды
Перудің оңтүстігінде автобус жардан құлап, кем дегенде 24 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті RPP радиостанциясы Анко аймағының басшысы Мануэль Севаллосқа сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, Хуанта қаласынан Хуанкайо қаласына бет алған автобус 150 метр биіктіктен құлап, 20-ға жуық адам ауруханаға жеткізілген.
«Оқиға орнында 24 адам қаза тапты. Қайтыс болғандар арасында балалар да бар», - делінген хабарламада.
Алдын ала болдам бойынша оқиғаға жаңбыр салдарынан жолдың нашарлап кетуі себеп болған.