Төрт адам жарақат алған
Испанияның оңтүстік-шығысында орналасқан Мурсия қаласындағы түнгі клуб өртеніп, салдарынан 13 адам көз жұмды. Бұл туралы аймақтағы шұғыл қызмет өкілдері мәлім етті.
«Оқиға туралы алғаш рет жергілікті уақыт бойынша 1 қазанда таңғы сағат 06:00 шамасында хабарланды. Өртті сөндіруге бірнеше өрт сөндіру бригадасы тартылды. Төтенше оқиғадан 13 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды», - делінген хабарламада.
La opinión de Murcia газетінің хабарлауынша, өрт дискотекадағы шамдардың біріндегі қысқа тұйықталудан шығуы мүмкін.
Мурсиядағы қайғылы оқиғаға байланысты үш күндік қаралы күн жарияланды. Испания премьер-министрінің міндетін атқарушы Педро Санчес марқұмдардың отбасына көңіл айтты.