Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ливияда су тасқынынан 4 мыңнан астам адамның қаза тапқаны расталды

Азамат Ахметов

8,5 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ливияның солтүстік-шығысында су тасқыны салдарынан 4 255 адамның қаза тапқанын растады. Бұл туралы Libya Al Ahrar телеарнасы хабарлады.

Осы аптаның басында елдің денсаулық сақтау министрлігі табиғи апаттан 3,8 мыңнан астам адамның қайтыс болғанын хабарлаған еді. Ал БҰҰ 11 мыңнан астам адамның құрбан болғаны туралы мәліметтер келтірді.

Телеарна келтірген ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес, 8 540 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Сондай-ақ, су тасқынынан ең көп зардап шеккен Дерна қаласындағы жерасты суынан алынған сынамалардың бактериялық және химиялық тұрғыдан ластанғаны анықталды.

Өңірдің санитарлық органдары жергілікті тұрғындарға суды залалсыздандыру үшін хлор таблеткаларын таратып, денсаулыққа қауіп төндірмес үшін оны қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы нұсқаулар беріп жатыр.

Еске салайық, 4 қыркүйекке қараған түні Ливияның Дерна қаласында су тасқыны болды. Қызыл су бүтін аудандарды шайып кеткен. Қайғылы оқиғаға байланысты елде үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Сізге қызықты болады