Олардың көбі тірідей жанып кеткен
Италияның Венеция қаласында жолаушылар мінген автобус жол өткелінен құлап, кем дегенде 20-дан астам адам қаза тапты.
Апат салдарынан 40-тан астам адам зардап шеккен.
Кейіннен полиция өкілдері 21 адамның қаза тауып, 12 адамның ауыр жараланғанын, сондай-ақ із-түзсіз жоғалып кеткендер де бар екенін мәлімдеді.
Көліктің жолаушылар автобусы немесе шетелдік туристер отырған автобус екені әлі нақтыланған жоқ. Мұндай ақпараттың таралуына оқиға орнынан украиналық құжаттар табылғаны себеп болған.
Местре теміржол вокзалы маңындағы эстакадада, яғни 10 метр биіктіктен құлап кеткен автобус электр сымдарына оралып, сол жерде өртеніп кеткен. Оқиға орнында құтқару қызметі, полиция және бірнеше жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Оқиғаға байланысты Местре мен Венеция арасындағы пойыз қатынасы тоқтатылды.