Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Елена Рыбакина әлемдегі ең үздік теннисшілердің ондығына кірді

Азамат Ахметов

Тұңғыш рет Елена Рыбакина әлемнің үздік теннисшілерінің ондығына кірді, деп хабарлады Әйелдер теннис қауымдастығы.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Австралия ашық чемпионатының қорытындысы бойынша рейтингті жаңартқан болатын. Онда Australian Open финалисті және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет әлемдік рейтингте оныншы орынға шықты. Бұрын жекелей сында ол бұдан 15 саты төмен болған.

Естеріңізде болса, Australian Open финалынға Елена Рыбакина белоруссиялық Арина Соболенкомен шыққан еді. Бірінші сетте отандасымыз 6:4 есебімен жеңгенімен, кейінгі екі сетте қарсыласына 3:6, 4:6 есебімен есе жіберіп алды. 

«Меніңше, Арина екінші сетте өз деңгейін көтерді. Ол өте жақсы ойнады, қателіктері аз болды. Мен де кейбір сәттерде ойында басымдық көрсетуім керек еді», - деді Елена Рыбакина.

Сізге қызықты болады