Түркияда қазақстандық туристер мінген микроавтобус апатқа ұшырады: 2 адам қаза тапты

Азамат Ахметов

Қазақстандық туристер мінген шағын автобус апатқа ұшырады деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері. Апат салдарынан 2 адам қаза тауып, 12 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

«Микроавтобус D-400 трассасында Окурджалар елдімекеніне жақын маңда бағдаршамда жүк көлігіне соқтығысты», – деп хабарлады NTV телеарнасы.

Оқиға салдарынан шағын автобустың жүргізушісі – түрік азаматы және гид – Украина азаматы қайтыс болған. Жарақат алған 12 адамның алтауы ауыр халде. Олардың бәрі Аланья және Манавгата қалаларындағы ауруханаларға жеткізілді. Ал, жүк көлігінің жүргізушісін полиция алып кеткен.

Қазіргі таңда Қазақстанның Түркиядағы консулы оқиға орнына аттанып кетті. Мұны ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров растап отыр.