Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қызылордада банк қызметкері 600 млн теңге ұрлап, ақшаны құмар ойынға ұтылып қалған

Азамат Ахметов

Қызылорда облысында банк қызметкері 600 млн теңгеден астам қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Қаржыны жымқыру дерегін ҚМН-ның аймақтық департаменті тергеп жатыр. Банкті тексеру барысында 602 900 000 теңгенің жетіспеейтіні анықталған», - делінген аталған хабарламада.

Мамандардың айтуынша, бақылаушы кассир кассадағы қордан бірнеше рет ақша алған, әр алғанда 1 миллионнан 4 миллион теңге аралығында шешіп отырған. Оралған қағаз купюраларды күдікті халаттың жеңіне салып алып шығыпты. Ұрлау фактісі 2021-2023 жылдар аралығында тіркелген.

Қазіргі таңда күдікті өзіне тағылған айыптың бәрін мойындады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, жас жігіт ұрлаған ақшасына құмар ойын ойнаған. Соңғы 3,5 жылда ол 158 миллион теңгені букмекерлік кеңседегі шотына аударыпты. Қазір күдікті қамауға алынды.

Сізге қызықты болады