Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Шымкентте жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Азамат Ахметов

Шымкентте 4 тамызда үйінен шығып, содан қайта оралмаған бойжеткеннің мәйіті табылды деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков.

19 жастағы бойжеткен Шымкенттегі колледжердің бірінде оқығандықтан, қаладағы туған әпкесімен бірге тұрған. 4 тамыз күні түстен кейін үйінен шығып кеткен бойжеткенді одан бері ешкім көрмеген. Ағасы арыз жазғаннан кейін полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп, мәйітті өзі тұрған үйдің жертөлесінен тапты. Қыздың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар. Қылмысқа марқұмның жездесі кінәлі болуы мүмкін.

«Қазіргі таңда, аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам қамауға алынды. Алдағы уақытта, кінәліге қатысты заң жүзінде әділ шешім қабылданатын болады», – деп жазды Дәлбеков өзінің Facebook-парақшасында.

Сізге қызықты болады