Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Шымкентте гүл дүкенін тонаған атышулы экс-полицейдің үстінен ақыры қылмысты іс қозғалды

Азамат Ахметов

Қоғамда туған резонанстан кейін шымкенттік экс-полицейдің үстінен ақыры қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ІІМ-нің ақпараттық сайты. Сонымен қатар, бұл істі жылы жапқысы келген полицейлер де жазалануы мүмкін.

Еске салайық, Шымкенттегі гүл сататын «ROMANTIC» дүкенін тонаған ер адамның әрекеті бірнеше күннен бері Қазнетте қызу талқыланып жатыр. 

Аталған дүкенге екі рет шабуыл жасалған. Бірі – биыл наурыз айында, екіншісі тамыз айында болған екен. Алайда, полицейлер тек екінші жағдай бойынша ғана қылмыстық іс тіркеп, күдіктіні 7 тәулікке қамап тастаған. Ал, бірінші жағдайға қатысты күдікті күні бүгінге дейін тергеу-тексеруден өткен жоқ. Алдымен желі қолданушылары оның экс-полицей екенін айтса, қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты артынша растады. Яғни, сатушы баланы қағып түсіріп, бір букет гүлді тегін алып кеткен ер адам – бұрынғы учаскелік полицей Мұхтар Беков болып шықты.

Көп ұзамай Бековтің қаладағы дәмханалардың біріне де дәл осындай шабуыл жасағаны анықталды. Тамаққа тойған тәртіп сақшысы кафеге ақша төлеуден бас тартқан.

Қоғамда туған резонанстан кейін ғана Полиция департаменті экс-қызметкерінің үстінен «тонау» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. Сондай-ақ, қылмыстың болғанын көре тұра ешқандай шара қолданбаған полицейлердің үстінен де «салғырттық» деген баппен іс қозғалды.

Сізге қызықты болады