Әзірге қайғылы оқиғаның себебі анықталмады
Алматы облысында 11 жастағы оқушы өзіне қол жұмсады. Жамбыл аудандық әкімдігі бұл ақпаратты растап отыр.
Полиция аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бала Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде оқыған. 6-сынып оқушысының суицидке баруының себебі белгісіз.
«Бұл оқиға демалыс күні баланың отбасында болған. Мектеп оқушысы толық отбасынан шыққан. Мектептен ешқандай қысым көрмеген, оқу үлгерімі де жақсы. Ата-анасының екеуі де жұмыс істейді. Әкесі жедел жәрдем қызметінде, анасы да медицина саласында. Баланың қысым көргені жайлы ақпарат жоқ, арнайы тергеп-тексеру жүріп жатыр. Неге бұндай қайғылы жағдай орын алғаны түсініксіз. Сенбі күні кешкі уақытта болған», - деді Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.