Марқұмдардың екеуі де 17 жаста
«102» пультіне Ақтөбе қаласы Қызылжар ауылында орналасқан «Алмаз» дүкенінің жанында топтық төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен облыс прокуратурасының басшылығы шықты.
Бұл дерек бойынша ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің ҚК-тің 1, 9, 14-тармақтарымен қылмыстық іс тіркелді.
«Алдын ала деректерге сәйкес 02.01.2024 ж. «Instagram» желісінде кәмелетке толмағандар А және В арасында жанжал туындап, нәтижесінде кәмелетке толмаған В келесі күні «Алмаз» дүкенінің жанында кездесуді ұсынған. 2 қаңтар 23:00 шамасында топтық төбелес барасында кәмелетке толмағандар А және С пышақ қолдану арқылы келтірілген дене жарақаттарын алған. Салдарынан Ақтөбе қ. ЖМЖА - да алған жарақатынан есін жимай екі бала қайтыс болды. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды», - деп хабарлады полиция басқармасы.
Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауға алды.