Жыл басталғалы бері адам өлімі тіркелген жол апаттарының саны күрт артқан
Шығыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, соның салдарынан екі адам қаза тапты деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ққайғылы оқиға Өскемен – Семей тасжолының 23-шақырымында болған.
«9 қаңтарда сағат 15:25 шамасында Саратовка кенті маңында «Нива Шевроле» және «Тойота» маркалы екі көлік соқтығысқан. Апат салдарынан екі жолаушы алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.