Алматыда тағы екі рет жер сілкінді

Азамат Ахметов

Мегаполисте 23 қаңтарда да күшті жер сілкінісі болған еді

Zakon.kz

Сейсмологтар 25 қаңтарда түнде және таңға жуық Алматыда болған жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, сағат 02.35-те және 04.21-де екі балдық жер сілкінісі тіркелген. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258, 273 шақырым жерлерде, Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтар Қытайда тағы бірнеше жер сілкінісін тіркеді (соңғысы сағат 7.43-те болған), олар Қазақстанда сезілген жоқ.