Қызылордалық отбасы сотта қазақ тілінің көмегімен пәтерін қайтарып алды

Азамат Ахметов

Банк немесе қаржы ұйымы дәрменсіз қарыз алушыдан тартып алған пәтерді қайтаруға бола ма? Бұл әр түрлі жағдайларға байланысты борышкерлер санатына енген көптеген қазақстандықтар үшін басты мәселе.

Қызылордалық Рахима Жамантаеваға қазақ тілінің көмегімен банк тартып алған үйді қайтарып алды. Бұл сот ісі жеңіспен аяқталды. Алайда, болған оқиға сот пен қарыз алушыларға сабақ болуы тиіс.

2016 жылы Рахима екі бөлмелі пәтерді жалға алды. 20 жыл мерзімге кейіннен сатып алу құқығымен келісімшартқа қол қойып, ай сайын 38 522 теңге төлеуге міндеттелді.

Рахима Жамантаева отбасымен

Рахиманың бірінші күйеуі 2009 жылы қайтыс болды, содан кейін ол көп жылдар бойы балаларымен бірге үй жалдап тұрды. Енді пәтер иесі атануға мүмкіндік туды. Ер азаматты кездестіріп, отбасын құрды. Үшінші бала дүниеге келді, үлкен балалар мектепке бара бастайды…

Осы кезде аяқ астынан отбасы қайтатан қарыздарға бата бастайды. Рахима жаңа туған нәрестеге күтім жасау үшін демалыс алады, күйеуі әр жерде жұмыс істеп отбасын қамтамасыз етеді. Ақша азық-түлікке жетпей жатқан кездерде пәтер ақысы жайына қалады…

Оның соңы пәтер төлемін кешіктіру, қарыз, сотқа алып келеді. Қарыз бар болғаны 270 мың теңге, бірақ судья Тоғызбаева Қазақстандық ипотекалық компанияның талап-арызын қолдап, жалдау шартын бұзу туралы шешім шығарады. Кәмелетке толмаған үш баласы бар отбасы көшеде қалады.

Мұндай жағдайлар қазір де өте көп — ипотека немесе тұрғын үйді жалға алуға байланысты азаматтық істер саны қарқында өсуде. Адвокаттарі, әсіресе соттар қаржы ұйымының сөзін сөйлейді, сондықтан солардың пайдасына шешім қабылдайды.

Сотта айтылып жатқан сөздерден әйелдің түсінгені: үй енді оған тиесілі емес. Рахимада еш шара қалмады. Әкімдіктің есігін қағып көмек сұрады.

Панасыз қалған отбасыға заңды оқиғаға көмектесті. Ал оқиғаны Қызылорда облыстық алқасының адвокаты Серік Ахметқалиев тауып, Жамантаевтар мәселесі туралы кездейсоқ білген. Бір өкініштісі Рахима — апелляциялық шағым беру мерзімін өткізіп алды. Алайда, тәжірибелі заңгер іс материалдарын мұқият зерттеп, Жоғарғы сотқа жүгіну туралы шешім қабылдады.

Адвокаттың басты дәлелдері — Қызылорда қалалық соты іс жүргізу құқығын бұзды және жауапкердің дәлелдерін назарға алмаған. Дәлелдемелер Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асановқа сенімді болып — ол істі қайта қарау туралы бұйрық шығарды. Өз кезегінде Жоғарғы Соттың судьясы бірінші сатыдағы соттың ісін жүргізу нормаларын бұзуы негізінде Қызылорда қалалық сотының шешімін жою туралы қаулы шығарды.

Қазақстандық заңнамаға сәйкес жүргізілетін іс бойынша тілді түсінбейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін сот процесіне қатысушыларға аудармашы тегін берілуге тиіс. Ал Қызылордадағы сот Жамантаеваның ісін орыс тілінде қараған. Сот ісін жүргізу тілі туралы қағидаларды бұзу процеске қатысатын адамды сот арқылы қорғау, іс бойынша өзінің құқықтық ұстанымын білдіру құқығынан айырады және сот шешімінің күшін жоюға сөзсіз негіз болып табылады.

Сонымен қатар, Жоғарғы сот бірінші сатыдағы сотта судья қарыздың пайда болу себептерін жан-жақты зерттемегеніне және жауапкердің отбасы әлеуметтік осал санатқа жататынын ескермегеніне назар аударды. Әйел бала күтімі бойынша демалыста, ал жұбайы жұмыссыз.

Жоғарғы соттың ұсынысы негізінде М. Еркінбековтің төрағалығымен Қызылорда қалалық соты істі қайта қарады. Сот Қазақстандық ипотекалық компанияны жауапкермен жаңа жалдау шартын жасасуға міндеттеді. Отбасы жалдау бойынша қарызды төледі. Дауға айналған пәтерге басқа тұрғындар қоныстанғандықтан компания отбасына басқа, бірақ үш бөлмелі пәтер берді.

Мақала авторы қарызды қайтарудан бас тартатын адамдарды ақтайын деп отырған жоқ. Бірақ сот органдарына шешім қабылдау кезінде істің барлық мән-жайларын ескеру қажет. Өйткені әрбір сот ісінің артында әрқандай өмірлік мәселелері бар нақты адам тағдыры тұр.

Мақала авторы: Жанна Балмаганбетова
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі

Сізге қызықты болады