Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматы метросында 10 жылдан астам уақытта 9 станция салынды. Құрылыс неге баяу және қымбат?

Азамат Ахметов

Ташкентте алты ай ішінде 14 метро станциясы пайдалануға берілді.

Ташкент метросының жаңа станциялары құрылысына қанша қаржы жұмсалды, Алматының метро құрылысы неге баяу ? Осы сұрақтарға Orda.kz. порталының тілшісі жауап іздеп көрді.

Дүниежүзі елдері локдаун режимімен өмір сүріп жатқанда Орталық Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентте құрылыс жұмыстары тоқтамай жүріп жатты. Нәтижесінде Ташкент метросының жаңа станциялары мезгілінде пайдалануға берілді.

Ташкент метрополитені — Орта Азиядағы ең алғашқы метро болып саналады. Ол 1977 жылы ашылған болатын. Қазір ол осы аймақтағы ең ірі және дүниежүзіндегі ең әсем метролардың бірі болып саналады.
29 тамызда Юнусабад торабында қашықтығы 3 шақырымнан тұратын «Юнусабад» және «Түркістан» станциялары ашылды. Оның құрылысы 103,8 млн. долларға бағаланды.

30 тамызда Өзбекстан тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналып салынған «Дустлик-2» — «Куйлюк» бағытындағы 7 станция пайдалануға берілді.

26 желтоқсанда Сіргелі-Чиланзар бағытындағы ұзындығы 7 шақырымдық 5 станция құрылысы аяқталды.

Метро құрылысы 2017 жылы қабылданған жоспар бойынша жүрді, яғни, күніне бір миллион адамды тасымалдауға арналған 55 шақырымды құрайтын 35 жаңа станцияның құрылысын салу. Жоба 422 млн. долларға бағаланып, мемлекет қазынасы мен Өзбекстанды дамыту және қайта құру қорынан қаржыландырылды. Бұл үлкен құрылыс Ресей, Түрік, Германия мамандарына сеніп тапсырылды. Метро құрылысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтың жеке бақылауында болды.

Сізге қызықты болады