Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

77 жылдан кейін табылған орден жауынгер отбасына табысталды

Азамат Ахметов

Жамбыл өңірінің тумасы, батыр Рахымберді Досмұхамбетовке  екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  берілген «Александр Невский» ордені 77 жылдан кейін жауынгердің отбасына табысталды, деп хабарлайды  Orda.kz.   24.kz.- ке сілтеме жасап.

Орден 1944 жылдың 6 ақпанында  берілген екен. Рахымберді Досмұхамбетов 19 жасында Қызыл әскер қатарына шақырылған. Сол кездері ол аға лейтенант  шенінде батальонды басқарған.  28-Невель атқыштар дивизиясының 88-полкі атқыштар ротасының командирі болып жүргенде ауыр жарақат алған сарбаз жарты жыл госпитальде жатқан. Сол аралықта марапаттары мен құжаттарын жоғалтып алған.

 

Жоғары дәрежелі  орден жарты ғасыр бойы Румыния астанасы Бухарест мұражайында сақталыпты. Құжаттар ішінен медальдің қосымшасы мен орден кітапшасы табылды.

— Бұл ерекше оқиға болды. Бұған ел-жұрт болып қуанып жатырмыз. Соғыс жылдарындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оларды түсіндіру, айту соларды үлгі ете отырып, жастарды  тәрбиелеу  – біз сияқты соғыс ардагерлері үшін  маңызды шара, – дейді Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев.

Сізге қызықты болады