Доллар бағамы тағы арзандады

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін қор нарығында доллар бағамы тағы арзандады, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы (KASE. 

5 сәуір күні сағат 15.30-дағы бағам бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 8,92  теңгеге төмендеп, 462, 91 теңгені құрады.

Айта кетейік, таңғы саудада доллар бағамы 472,76 теңге болған еді.

Kurs.kz хабарлағандай, Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 463-465 теңгеден сатып алынып, 467-469 теңгеден сатылып жатыр.