Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өтетін республикалық референдумды ұйымдастыруға бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін жария етті.
«Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы тиісті есептерді ұсынған.
«Бүгін Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді», - деді ол журналистерге.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Орталық сайлау комиссиясы республикалық дауыс беруді өткізу тәртібі туралы айтты. Бұған дейін еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы жарияланған болатын.