Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Мен қазақша үйренемін»: ресейлік танымал миллиардер Қазақстан азаматтығын алды

Азамат Ахметов

Танымал кәсіпкер, Freedom Holding Corp. инвестициялық компаниялар тобының негізін қалаушы Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы миллиардер өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Турлов Ресей азаматы болғанымен соңғы оны жылдан бері кәсібін Қазақстанда жүргізіп келеді.

«11 жылдай уақыт бұрын мен алғаш рет Қазақстанға келдім және соңғы 10 жылдан бері отбасыммен осы елде тұрып келемін. Қазақстан маған шабыт және көп дос сыйлады. Балаларым осы елде туды, осында оқып жатыр.

Қазір Қазақстанда маған ұнайтын өзгерістер болып жатыр. Әсіресе цифрландыру тез жүріп жатыр. Бұл біздің холдингке финтек саласында заманауи өнім шығаруға мүмкіндік береді», - деп жазды Т.Турлов.

Ол Қазақстан азаматтығын алғанын мақтанышпен айта келе, осы елдің дамуына зор үлес қосқысы келетінін де жеткізген.

«Мен қазақша үйренемін, жақында мен қазақша сөйлейтін боламын», - дейді миллиардер.

Айта кетейік, Тимур Турлов Қазақстандағы ең бай 10 адамның қатарына кіреді. Оның жиған дәулеті 2,2 млрд долларға пара-пар.

Сізге қызықты болады