Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

45,7 млн теңге жымқырған: Шымкентте жекеменшік балабақша құрылтайшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте бірнеше жекеменшік балабақшалардың иесі болып табылатын құрылтайшыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті деп танылған олар 2019, 2020 және 2021 жылдар аралығында жалпы сомасы 45,7 млн. теңге бюджет қаражатын қалтасына басқан. Бұл туралы Qonaev.info «Қазақстан-Шымкент» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құрылтайшылар құйтырқы әрекеттерін мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде көздеп, мектепке дейінгі ұйымдарға келуінің электрондық табельдеріне дұрыс емес мәліметтер енгізу арқылы жүзеге асырып келген.

Осы орайда, аталған қылмыстық іс бойынша Шымкент қалалық білім басқармасы жәбірленуші тарап болып танылған. 2020-2021 жылдар аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қарым-қатынасында белгілеген шектеу карантиндік шараларына байланысты қалалық білім басқармасы балалардың келуіне мониторинг жүргізуге мүмкіндігі болмаған. Себебі, ҚР БҒМ №122 бұйрығының 20-2 тармағына сәйкес білім басқармасы балалардың келуіне жылына бір рет қана мониторинг жүргізуге құқылы.
 

Сізге қызықты болады