Қарағанды облысында Қарқаралыдан Қасым Аманжолов ауылына апаратын 30 шақырымдық жолдың төселгеніне небәрі 1,5 жыл болған. Алайда, жергілікті билік оны қайта жөндегелі жатыр. Өйткені, жолдың сау-тамтығы қалмай, жүруге жарамсыз болып қалған деп хабарлады Хабар-24.
Аталған жолды салу үшін жергілікті әкімдік 800 миллион теңге жұмсаған екен. Енді жөндеу үшін бюджеттен тағы да қаражат бөледі.
Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аудандық ТКШ басшысының үстінен қылмыстық іс қозғаған. Кінә дәлелденсе шенеунік 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.