Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

«Басты міндет – балаларға сапалы білім беру және білім саласындағы кемшіліктерді жою» – педагог Алмагүл Сегізбай

Азамат Ахметов

Биыл жаңа оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру саласында бірнеше реформаны жариялады. Аталған жаңашылдықтар тиісінше қоғамда әліге дейін қызу талқыланып жатыр. Ал, мектептер осынау өзгерістерді жүзеге асыруды бастап кетті. Осы орайда біз Астанадағы №91 мектеп-гимназиясының директоры, Астана қалалық мәслихат депутаты Алмагүл Сегізбаймен сұхбаттасып, оқу бағдарламасына енгізіліп жатқан жаңашылдықтар, орта білім жүйесіндегі реформаларға деген көзқарасын сұрап көрдік.

- Алмагүл ханым, ең алдымен қазіргі оқу бағдарламасының шарттары туралы ойыңызды айтсаңыз...

- Оқу жылының басында үлгілік оқу жоспарлары қайта қаралғаны белгілі. Жоспардағы өзгерістер стратегиялық сипатқа ие және болашақта нәтижеге бағытталған. Биыл жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге назар аударылып, осы пәндер бойынша сағаттар артты. 21 ғасырдың дағдыларын дамыту үшін жаһандық құзыреттілік курсы енгізілді. Білім министрлігі енгізген өзгерістер әрқашан жүргізілген зерттеулерге, жиналған деректерді талдауға негізделген.

- Осы оқу жылына қандай міндеттер қойдыңыз және алдыға қойылған міндеттердің қанша пайызын жүзеге асыра алдыңыздар?

- Биыл мектеп білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін қояды. Бірінші кезектегі міндет – балаларға сапалы білім беру және білім саласындағы кемшіліктерді жою. Біз мұғалімдердің кәсіби дамуына да, оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, спорттық дамуына да назар аударамыз. Мектепте «қосымша білім беру қызметтері және креативті технологиялар академиясы» жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында халықаралық бакалавриат бағдарламасына кандидаттық алу мақсаты қойылды. Осы мақсатқа жету үшін біз ата-аналармен, оқушылармен және педагогтармен бірлесіп миссия әзірлеп, «Қызығушылық» өтінімін бердік, сондай-ақ мен 1-санаттағы мектеп директорларының курсынан өттім. Қазіргі уақытта біз жоспарланған тапсырмалардың 40% орындадық деп айта аламыз.

- Қазіргі кезде мектептердің асханасы мен дәретханалары сынға алынуда. Сіз басқарып отырған білім ошағында оқушыларға қаншалықты жағдай жасалған?

- Бізде барлық мектептердегідей «Балаға лайық» акциясы ұйымдастырылды. Мектеп жаңа болғандықтан, асхана мен мектеп дәретханаларының жұмысында проблема жоқ. Дәретханалар бөлек, онда кабиналар, кептіргіштер, сұйық сабын, қағаз бар. Еерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған бөлек дәретхана бар.

Асханада бастауыш сыныптарға, белгілі бір санаттағы балаларға арналған тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Өнім берушінің Instagram-да ресми парақшасы бар, онда мәзір, тамақ дайындау процесі, балалардың пікірлері жазылған.

- ЖОО түсу үшін тапсырылатын ҰБТ-нің тапсыру форматы өзгерген еді. ҰБТ-ның бұндай форматта өтуіне сіздің көзқарасыңыз?

- Басшы және ата-ана ретінде мектеп бітірушілердің сабақтарын өткізуге қатысты өзгерістер мені қуантады. Оқушылардың жеке кабинетінің болуы, электронды тапсыру форматына көшу оқушыларға жіберілген қателіктерді бірден көруге және келіспеген жағдайда аппеляцияны бірден беруге мүмкіндік береді. Сынып оқушылары тест тапсыру күнін өз бетінше жоспарлайды және таңдайды. Олардың қайта тапсыруға әлі де мүмкіндігі бар екені моральдық, эмоционалдық күйзеліс пен қысымды жеңілдетеді.

- Мұғалімдерді мектепке Ұлттық біліктілік тестілеу арқылы жұмысқа алу тәртібі туралы не айтасыз?

- Оқу жылының басынан бастап барлық мектептерде педагогтарды бос лауазымға қабылдау конкурстық негізде өтеді. Мектепте мұғалімнің жеке істері мен портфолиосын қарайтын комиссиялар құрылды. Міндетті құжаттардың бірі – ҰБТ-ны сәтті тапсыру туралы сертификаттың болуы. Бұл шарт өз біліктілігін растаған педагогтарды тиімді іріктеуге мүмкіндік береді деп санаймын. ҰБТ нәтижесі пәннің мазмұны бойынша жиналған ұпайларды, сондай-ақ педагогика мәселелері бойынша дайындық деңгейін көруге мүмкіндік береді.

- Жаңа оқу жылында жоғарыда айтылған өзгерістерден бөлек тағы бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістер туралы айтып беріңіші...

- Жоғарыда көрсетілген өзгерістерден басқа мектептерде тілдерді оқытуды біртіндеп енгізу жүйесі енгізілуде. Сондай-ақ, оқу жылының ұзақтығы 2 аптаға артты. Бір сағаттық апталық жүктемені қысқарту және оқу жылын ұлғайту оқушылардың жұмыспен қамтылуын азайтуға мүмкіндік береді және қызығушылықтары бойынша қосымша білім алуға уақыт болады, бұл көптеген зерттеулер бойынша білім сапасының артуына әкеледі.

- Көршілес елдердің мектептерінде болып жатқан қайғылы оқиғаларға куә болудамыз. Осы тұста сіз басқарып отырған оқу орны оқушылардың қауіпсіздігін қалай сақтап отыр? Қауіпсіздік деңгейі қаншалықты жоғары?

- Біздің мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Жасалған шартқа сәйкес күзет агенттігі техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Мектепте дабыл түймесі, бейнебақылау камералары бар, оның 12-сі ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Face-ID жүйесі жұмыс істейді, мектеп әкімшілігі бөгде адамдардың мектепке кірмеуі үшін барлық шараларды қолданады, директорға немесе директордың орынбасарларына мектепке қабылдауға  жазылу қатаң түрде жеке куәлік бойынша жүзеге асырылып, мектепке келушілердің кіруі мен шығуын есепке алу журналында жүргізіледі. Сағат сайын күзетші мектеп аумағында бөгде және күдікті адамдар мен заттардың болмауын қадағалап мектеп аумағын аралайды.

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі

Сізге қызықты болады