Партияның Астана қалалық филиалы оқушылармен кездесуді дәстүрге айналдырған
«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері «Білім-инновация» лицейінің оқушыларымен «Әскери және қызметтік борыш» тақырыбында арнайы кездесу өткізді деп хабарлайды Qonaev.info тілшісі.
Шара мақсаты – жастардың Отан қорғауға дайындығын арттырып, үлкен жастағы оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу және бойларына патриоттық сезім ұялату.
Кездесу «АМАNАТ» партиясы «Бірлік» аудандық филиалының ұйымдастыруымен өтті.
Сондай-ақ аталмыш білім ұясының оқушыларына «Бірлік» аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шыңғыс Шопанов «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістер, жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін көтеру жөніндегі негізгі басымдықтарды да айтта кетті.
Айта кетейік, елордамызда партияның кезектен тыс XXIV Съезі өткізілген болатын. Съезде партияның стратегиялық құжаты болып табылатын жаңа Саяси тұғырнамасы бектілді. Негізгі идеологиялық құжат дамудың негізгі бағыттары мен саяи бірлестіктің принциптерін көрсетеді. Тұғырнамада ұсынылған тәсілдер сапалы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның әрбір азаматының оның игілігін көруіне мүмкіндік береді.
Саяси тұғырнама заман талабына сай, сапалы, терең мазмұнды және саяси бірлестіктердің бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді деп толығымен айтуға болады. Ендігі кезекте, баршамыздың алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген жаңа, Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр.