Қазақстан – көптеген ұлт мен ұлыстардың татулықта орын тепкен қасиетті мекені. Қай кезеңді алып қарасаңыз да, еліміз іргедегі көршімізді сыйлап, қашанда көмек қолын созуға барынша тырысып, бауыр тұтатын. Ең тар заманды бірге бастан өткердік. Бүгінде сол халық өкілдері өз бауырымыз болып, бір халыққа айналды.
«Тарих және этникалық ерекшеліктер тұрғысынан алғанда Қазақстан көптілді мемлекет. Бұл біздің артықшылығымыз. Әділетті Қазақстан біздің көпұлтты және көпконфессиялы ынтымағымызға негізделген. Біз «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидасын қатаң ұстана береміз» - деп баса айта кетті Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында. Осындай қағида нәтижесінде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір тудың астында бірлікте өмір сүруде.
Қаншалық ұлт өкілдері көптеп орын тепкенімен, барлығының бір жерде татулықта күн кешуі кемеңгер саясатпен халық салтының беріктігінен жүзеге асып отыр.
Біз бұл сөзімізбен не айтқымыз келеді?
Түрлі мәдениеттер мен діндер өкілдерінің бейбітшілік, әлеуметтік үйлесімділік және өзара қолдау көрсету жолында адамдарды біріктіру үшін даналық пен күш-қуат көрсететін уақыты жетті деген ойдамыз.
Қазақстан Президенті тәуелсіздіктің 30 жылында «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатына негізделген өзіндік этносаралық және дінаралық келісім моделін қалыптастыра білді.