Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Әділетті Жаңа Қазақстанның басты ресурсы – білімді жастар»

Азамат Ахметов

Еліміздің болашағы – білімді жастар. Болашаққа нық сенімді қадам басуымыз үшін, ең алдымен жастарға көңіл бөлуіміз қажет. Қазақта: «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген аталы сөзі бар. Еліміздің әлемдік кеңістікте өзге мемлекеттермен терезесі теңесуі, әуелі жастарға байланысты. Әлемнің екінші ұстазы, ғұлама, ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет» деген. Болашақтың кілті, еліміздің ертеңі жастардың қолында екендігі талас тудырмайтын ақиқат.

Қан мен термен келген тәтті жеңіс тәуелсіздік бізге бәрінен қымбат. Аманат боп қалған ұлы даланың мұрагері – жастар. Жастар білімді игерген сайын мемлекетіміз дами түседі. Бой емес, ой жарыстыратын заманда олардың біліммен қарулануы ел ертеңіне үлкен үлес қосатыны анық.

Әрбір ел өз болашағын жастармен байланыстырады. Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов: «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» деген еді. Санға емес, сапаға жұмыс жасау керектігі осы жерде нақты айтылған. Ахмет Байтұрсыновтың мына ойының мазмұнын сақтай отыра басқаша былай айтсақ та жарасады: «Ағашты бұтағынан емес, тамырынан емдейді». Яғни, жастар елдің, мемлекеттің тамыры. Тамыры мықты ағашты дауыл да, дүлей жел де құлатпайды.

«Халық пен халықты, адамды адаммен теңестіретін – білім», - деп өз заманында ұлы жазушы Мұхтар Әуезов жазып кеткен. Қазақты әлемге танытқан қаламгердің мына сөзі Әділетті Жаңа Қазақстанның жаңа бейнесі іспеттес.

Жаңа Қазақстан – рухы биік, саналы, бәсекеге мықты, білімді жастардан үмітті.

 Пленарлық отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінің делегаттарына арнайы үндеу жолдауында, Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атап өтті: «Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет». Президентіміздің бірінші айтқан маңызды бағыты – терең білім. Сондықтан елге тірек бола алар жастар – білімді жастар.

Қортындылай келе, «Білімді ұрпақ - болашағы бар ұрпақ» - дегім келеді. Білімді ұрпақ қана елдің азаттығын мәңгі сақтап, халықтың үкілі үмітін ақтай алады. Алаштың жолын жалғайтын, ізінен еретін білімді, сауатты жастар Жаңа Қазақстанның басты ресурсы, негізгі діңгегі.

Арсланбек Мағзұм,
«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Астана қалалық филиал төрағасы

Сізге қызықты болады