Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жаңаөзендегі мұнай сервистік кәсіпорнынан өрт шығып, жұмысшы қаза тапты

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Жаңаөзен қаласы "Кезби ЖШС мұнай сервистік компаниясынан өрт шығып, бір адам қаза тапты.

Оқиға бүгін,15 маусым күні түнгі сағат он екінің шамасында болған. Қайғылы жағдайға еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болғанын әлеуметтік желіде кәсіпорын қызметкерлері жариялаған. Анығын айтқанда, кәсіпорын жұмысшылары, ондағы техниканың әбден тозығы жетіп,соңы осындай қайғылы жағдаймен аяқталды деп жазба қалдырған.

"Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бүгін яғни 15.06.2022 жылы ЖШС "Кезби" мекемесінде болған жағдай. Еңбек қауіпсіздігі сақталмаған, техника барлығы ескі деп, астанаға дейін бардық үнімізді жеткізейік деп. Оны тыңдаған үкімет жоқ. Соңы не болды, қазамен аяқталды. Өкінішті...Әріптесіміз еді, Алла тағала панасына алсын, иманы жолдас, жаны жәннәтта болсын",-деп жазды Нұрсұлтан Нұрымұлы Facebook парақшасында.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі де бұл қайғылы жайтты растады.

"Өзенмұнайгаз" АҚ НГДУ-2 №49 топтық қондырғы аумағында №9180 ұңғыманы сөндіру кезінде АПРС-40 көтергіш қондырғысы жанған. 15.06 күні, сағат 00-51-де өрт сөндірілді. Өрт орнында жанған мәйіт табылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза тапқандар туралы ақпарат: 1979 жылы туған, Бейнеу ауылының тумасы. Жұмыс орны: "Кезби" ЖШС жүк көтергіш машинисі",- деп мәлімдеді ҚР ТЖМ. 

Сізге қызықты болады